Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Құрылтай сайлауы күні 657 сәби дүниеге келді

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні, елімізде медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар. Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді. Осылайша, 657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз.
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық Әлем чемпионатына қатысады
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық Әлем чемпионатына қатысады. Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық Әлем чемпионаты басталады. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Михаил Шайдоров үздік үштікте
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде өз позицияларын нығайтып, үздік үштікке енді. Ол 3918 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты. Бірінші орында америкалық Илья Малинин болса, екінші орында жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма тұр.
Аптап ыстықтағы күтпеген кездесу
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзақ ерекше сәтті тіркеді. Бір суатқа қасқыр мен құландар қатар келген. Видеодан жануарлардың бір-бірін байқап, сақтықпен бақылап тұрғанын көруге болады. Соған қарамастан, олар суаттан бірден кетпей, белгілі бір арақашықтықты сақтап, су ішуін жалғастырған. Мамандар, мұндай жағдайға аптап ыстық әсер етуі мүмкін деп отыр.


Бөлісу