Түркия билігі месхет түріктеріне қамқорлық жасайды

Түркия сыртқы істер министрлігі Месхет түріктерінің туған жерлерінен жер аударылуының 71 жылдығына орай мәлімдеме жасады.
Түркия сыртқы саясат мекемесі Месхет түріктерінің атамекендеріне оралу кезеңін жылдамдату мәселесін көтерген. Сонымен бірге, Түркия месхет түріктеріне қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
«Месхеттік түрік қауымдастығының санасынан кетпеген бұл мейірімсіз жер аударудың 71-ші жылдығын қайғыра еске аламыз. Депортация кезінде қайтыс болған бауырларымызға Алладан рақымшылық тілейміз»,- делінген мәлімдемеде.
Жалпы, әлемде Месхет түріктері 9 елде тұрады. Бүгінде олардың саны 500 мың төңірегінде. Месхет түріктерін 1944 жылдың 15 қарашасында Кеңес одағының билігі туған жерлерінен күштеп депортациялаған болатын. Олардың бір тобы Қазақстанға да келген. Бүгінде қазақстандық месхет түріктерінің саны 100 мыңнан асады. Олар қазіргі таңда ел қатарлы еңбек етіп, білім алып, мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында тер төгіп жүр.
Месхет түріктерін Түркияда \"Ахыска түріктері\" деп атайды.
.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22