«Continental» акциялары 5 пайызға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Continental» акциялары 5 пайызға арзандады

10.11.2015
«Continental» акциялары 5 пайызға арзандады
Бұған сұраныстың азаюы мен Қытай автонарығындағы өсімнің баяулауы әсер еткен.

Көлік дөңгелектері мен саймандарын шығаратын «Continental» компаниясының акциялары бірден 5 пайызға арзандап кетті. Бұған сұраныстың азаюы мен Қытай автонарығындағы өсімнің баяулауы әсер еткен.

Ресми деректерге жүгінсек, кәсіпорынның үшінші тоқсандағы табысы азайған. Компания кірісі негізінен, Еуропа мен Солтүстік Америкадан түскен сұраныстың арқасында ғана 1 миллиард 800 миллион еуроға өсіпті.

Ал, сарапшылар бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болады, деп болжаған-ды. «Continental» қаржылық қиындықтарға соңғы 3 жылда алғаш рет тап болып отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу