Басты Жаңалықтар Небраска штатында екі бірдей құйын соқты

Небраска штатында екі бірдей құйын соқты

Небраска штатында екі бірдей құйын соқты
 
АҚШ-тың Небраска штатының солтүстік-шығысында екі бірдей сұрапыл құйын соғып, 1 тұрғын қаза тапты. Жараланғандар саны 16 адамға жетті. Жергілікті билік үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін деп отыр.
 
CNN телекомпаниясының мәліметінше, табиғи апаттан штаттың 4 бірдей қаласы жапа шегіп, ондаған баспана қираған. Күшті жел электр тарату желілерін үзіп, ағаштарды түп-тамырымен қопара жұлған. Құйыннан келген шығын көлемі есептеліп жатыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Бөлісу