Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика саласын дамыту және елдің Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту бағытындағы міндеттерге тоқталды. Қазір елімізде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр. Мұндай тәжірибе Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған деді. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталмақ. Жалпы, Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарын қосқанда толыққанды жұмыс істеп тұрған 20 әуежай бар.
Зайсан әуежайының құрылысына 68 миллиард теңге бөлінген. Сағатына 150 жолаушыға дейін қабылдай алады. Әні-міне дегенше есігін айқара ашуға дайын. Зайсанның көркем табиғатын көрсем дейтіндер үшін қуанышты жаңалық әрине. Бірақ ең әуелі осындағы ағайын үшін.
Нұрзада Жекенова, қала тұрғыны:
Біз көбінесе таксимен жүретінбіз. Сол кезде қаланың өзіне жету үшін 8 сағаттай уақытымызды алатын. Ал енді халықаралық әуежай ашылатын болса, бұл халық үшін өте тиімді.
Әуежай салынса, тек келіп-кетушілер көбейеді деген сөз емес.
Ермек Қорабаев, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:
Мысалы, әуежай аяқталған соң мөлшері 100 жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда мамандар Өскемен қаласында, Өскемен әуежайында оқу өтіп жатыр. Операторлар, жұмыс істейтін қызметкерлер, осы мамандықтар бойынша сол жерде оқу өтіп отыр.
Қазір Қазақстан бойынша толыққанды жұмыс істеп тұрған 20 әуежай бар. Биыл Зайсанмен қатар Катонқарағай мен Кендірліде де жаңа әуежай салынды. Ал Арқалықтағы әуе қақпасы толық жаңарды. Енді кезек елордасында. Астанада да жаңа әуежай салынады.
Бауыржан Өмірәлиев, ҚР Көлік минстрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:
Сингапурлық ірі компаниямен меморандумға қол қойылды. Ол Көлік министрлігімен, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп жұмысы жүргізілуде. Қазір қызу талқылауда. Болашақта шамамен 50 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жаңа әуежай болады.
Сол сингапурлық компания Астанадағы қазіргі әуежайдың ұшып-қону жолағын кеңейтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы