«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаның бірі – «Бақты – Аягөз» теміржол желісі. Президент Жолдауында жаңа бағыт келесі жылы іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл жоба Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігін қосымша 20 миллион тоннаға арттыруға тиіс. Ал Абай облысы үшін жаңа жұмыс орындары, логистика саласына инвестиция тарту және шекара маңындағы сауданы дамытуға жол ашады. Теміржол желісі 303 шақырым. Жоба аясында 11 станция мен пункттен, ондаған көпір және басқа да инженерлік нысандар салынады. Ал Абай облысы үшін теміржолдың маңызы тек жүк тасымалымен шектелмейді. Қойма, жүк өңдеу, тасымалдау және қызмет көрсетудің дамуына ықпал етеді дейді мамандар. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өңірде 1200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір құрылыс кезеңінің өзінде мыңнан аса адам еңбек етіп жатыр.
Асқат Дүйсенбаев, халықаралық экономист:
Қазақстан - Еуразиядағы транзиттік хаб. Мына «Бақты-Аягөз» теміржол жанынан Бақты ауылында үлкен құрғақ порт ашады. Жанында логистикалық парк ашылады. Бұл көп адамға жұмыс береді. Қазақстан логистикаға кірістік. Логистиканың ортасында жүрміз. Біз қалмауға тиіспіз. Бұл біздің экономикамыздың дамуына үлкен әсер етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы