Басты Жаңалықтар Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті

Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті

Түркістанда Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен халықаралық марафон өтті. Республика күні жарыс жолына әлемнің 20 елінен үш мыңға жуық адам шықты. «Turkistan Marathon 2026» желаяқтар үшін өз мүмкіндігін сынап, жеке рекордын жаңартуға жол ашса, жергілікті кәсіпкерлер үшін табысын арттырып, бизнесін дамытуға мүмкіндік берді.

«Turkistan Marathon» дәстүрлі спорттық шараға айналды. Биыл халықаралық марафон бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Ал Kaspi.kz инновациялық компаниясы осымен үшінші жыл қатарынан жарыстың титулдық демеушісі болды.

Гүлнұр Досбол, марафонға қатысушы:

Біріншіден, Алматы марафонға үлкен алғыс айтамын. Каспиге де алғысым шексіз. Өйткені осындай біздің Түркістанға келіп, ұйымдастыру, осының бәрін жинап, қаражат тауып, бәрін ұйымдастыру — қажырлы еңбек. Каспи жарайсыздар!

Дәстүр бойынша қатысушылар бес түрлі қашықтықта бақ сынады. Олар — 42,2 шақырымдық марафон, 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырым, 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс және балалардың 3 шақырымдық жарысы. 

Жобир Қаххоров, 10 шақырым жеңімпазы:

Қазақстанда алғаш рет 10 шақырымға жүгірдім. Өте жақсы әсер алдым!  Жарысты ұйымдастырушыларға, демеушілерге алғыс айтамын. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары екен.

Марафонның басты мақсаты — халықты салауатты өмір салтына баулу. Сонымен қатар тарихи Түркістанға туристер тарту және шағын және орта бизнестің дамуына серпін беру.
Мақпал Алданазарова, кәсіпкер:

Осы Түркістан, мысалы, марафон ұйымдастырып, қарастырады ғой, бізге өте пайдасы көп. Осы қаланың экономикасына, басқа да дүкендерге болсын, пайдасын, өз үлесін тигізеді. Ұйымдастырушыларға және де қала әкімдігіне рахмет.

Көне Түркістан төрінде өткен марафон қатысушылар үшін тек спорттық сынақ қана емес, ұмытылмас әсер мен жаңа жетістіктерге толы мереке мен өз мүмкіндігіне деген сенімге айналды.

Бөлісу