ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі. Бүгін Құрылтай депутаттары аталған құжатты мақұлдады. Енді Қазақстандық кәсіпкерлер өз банктерінің кепілдігімен ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуына қатыса алады. Электронды сатып алу рәсімдері жетілдіріліп, ақпараттың ашықтығы артады. Негізгі мақсат - Одақ елдері арасындағы сауда кедергілерін азайту. 2025 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 30 млрд доллардан асып, ал экспорт көлемі 10 млрд долларға жеткен болатын. Президент Жолдауынан кейін Құрылтайдың жалпы отырысы өтіп, аталған құжат мақұлданды. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай депутаттарға Мемлекет басшысы Жолдауда жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:
Енді Мемлекет басшысы жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттер қойып отыр. Бұл – жүргізіліп жатқан реформаларды нақты мазмұнмен байыта отырып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы