Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
Балаларға қатысты қылмыстар 45 пайызға азайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесуде Ерлан Қарин мәлімдеді. Вице-Президенттің айтуынша, жеткіншектердің арын арамдауға тырысқандар мен ойнап жүріп от басқандардың саны кеміп келеді. Сондай-ақ жасөскіндердің құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді. Наджат Маалла Мджидпен кездесуде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы да сөз болды. Игі бастаманың арқасында 7 миллион ұл-қызға 2,5 млрд доллар қаражат аударылыпты. Заңға да елеулі өзгерістер енгізілген. Соңғы 3 жылда балаларға қатысты 11 заң қабылданған. Ерлан Қарин өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы