Кеме капитаны мен оның 3 көмекшісі адам өлтірді, деп айыпталып отыр. Оларды өлім жазасы күтіп тұр. Ал, суға батқан кемені тастап кетіп қалғаны үшін екі адам өмір бақи түрмеге жабылуы мүмкін.
Сот қалған 9 адамды немқұрайлылық танытқаны үшін кінәлі деп отыр. 476 жолаушысы бар паром сәуірдің ортасында суға кетті. Апат кезінде 300-ге тарта адам қаза тапқан. Олардың көбі – оқушылар мен мұғалімдер.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ