Жүйрік аттың құлыны 1,95 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүйрік аттың құлыны 1,95 миллион долларға сатылды

17.06.2014
Жүйрік аттың құлыны 1,95 миллион долларға сатылды
Ондаған бәйгеде оза шапқан әйгілі арғымақ Франкельдің құлыны Лондонда 2 миллион долларға жуық қаражатқа сатылды. Бұл құлынды енді  2 жылдан соң ат жарыстарына қосуға болады.
 
Көпшілік жүйріктің тұқымы да дүлдүл болады, деп үміттенеді. Ал, оның аталық тұқымы Франкель есімді сәйгүлік әлемдегі ең қымбат жылқы саналады. Шашасына шаң жұқтырмас жүйрік ат кезінде рекордтық 200 миллион долларға бағаланған.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу