Ұлыбританияда парламент суреті 12 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда парламент суреті 12 миллион долларға сатылды

04.10.2019

Ұлыбританияда парламентті келемеждеген сурет рекордтық 12 миллион долларға сатылып кетті. Туынды авторы – британдық көше суретшісі Бэнкси. Сотбис компаниясы ұйымдастырған аукцион шамамен 13 минутқа созылған. «Диволвед Парламент» деп аталатын суреттің ені – 4, ұзындығы – 2,5 метр. Онда Британия парламентінің қауымдар палатасы бейнеленген. Бірақ, депутаттар рөлін маймылдар сомдайды.

Осылайша, сурет – заң шығарушы органның тоқырауын білдіріп, сол парламенттің үйірімен жүретін жануарларға ұқсап бара жатқанын аңғартады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу