Әлемдегі ең ірі сопақ көгілдір гауһартас 32 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ірі сопақ көгілдір гауһартас 32 миллион долларға сатылды

06.04.2016
Әлемдегі ең ірі сопақ  көгілдір гауһартас 32 миллион долларға сатылды
Әлемдегі ең ірі сопақ бриллиант Гонконгтағы «Сотби» аукционында рекордтық 32 миллион долларға сатылды.

Салмағы 10 караттан астам алмаз ақ алтыннан жасалған жүзікке салынып, түссіз гауһартастармен көмкерілген.

Оңтүстік Африканың «Куллинан» кенішінен өндірілген бұл гауһартас әйгілі «Миллениум Джьюлс» коллекциясына кіреді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу