Екі алмаз 13,4 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі алмаз 13,4 миллион долларға сатылды

05.03.2014
Екі алмаз 13,4 миллион долларға сатылды
Gem Diamonds британдық компания салмағы 160 караттан асатын екі алмазды 13,4 миллион долларға сатқан.
 
Олар Лесотодағы Letseng кен орнында өндірілген екі асыл тасты (салмағы 162,02 карат және 161,31 карат) 11,1 миллион долларға және тиісінше 2,4 миллион долларға өткізген.
 
Әр каратқа орташа баға 68,7 мың және 14,64 мың долларды құраған. Letseng алмаздардың орташа құны өткен тоқсанда әр каратына 2533 доллардан келді.
 
Letseng кен орнын De Beers-тен 2006 жылы 118,5 миллион долларға сатып алған болатын, деп хабарлайды Вести. ру.

Хабарламаларға жазылу