Мамонттың алтын жалатылған қаңқасы 15 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамонттың алтын жалатылған қаңқасы 15 миллион долларға сатылды

25.05.2014
Мамонттың алтын жалатылған қаңқасы 15 миллион долларға сатылды

Британиялық суретші Дэмьен Херст әзірлеген алтын жалатылған мамонт қаңқасы аукционда 15 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Канн кинофестивалі аясында өткен дәстүрлі аукционда 3 метрлік мамонттың алтын жалатылған қаңқасын миллиардер Лен Блаватник сатып алған.
 
Айта кетерлігі, аукционнан  түскен барлық қаржы ЖИТС ауруларын зерттеу жұмыстарына жұмсалатын болады.  

Жалпы, аукцион барысында сатылған жәдігерлер 35 миллион долларға бағаланды.

Хабарламаларға жазылу