Клод Моненің «Су лалагүлдері» атты картинасы 54 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Клод Моненің «Су лалагүлдері» атты картинасы 54 миллион долларға сатылды

24.06.2014
Клод Моненің «Су лалагүлдері» атты картинасы 54 миллион долларға сатылды
Әйгілі француз суретшісі Клод Моненің «Су лалагүлдері» атты картинасы Лондондағы «Сотбис» аукционында 54 миллион долларға сатылды. 
 
1906 жылы салынған жауһар туындыны саудаға телефон арқылы қатысқан адам сатып алған. Оның АҚШ-та тұратыны белгілі, есімі әзірше жарияланбай отыр.
 
Сурет өнерінің һас шеберінің бұл картинасы алғаш рет 2010 жылы «Кристи» аукционында 51 миллион долларға ұсынылды.
 
Бірақ, ол кезде суретті сатып алуға ешкім ниет білдірмеген.
 
Жалпы, «Сотбис» аукционында түрлі суретшілердің 40 шақты картинасы 208 миллион долларға сатылды.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу