Жиһадшылар қатарына қосылуға үгіттегендер ұсталды
Испания полициясы Мадридте еріктілерді Ирак пен Сириядағы жиһадшылар қатарына қосылуға үгіттеді деген күдікпен 8 адамды тұтқындады.
Тергеу мәліметтеріне сай, олар азаматтарды радикалды «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымы құрамына кіруге насихаттап келген екен.
Үгіттеу тобы жетекшісінің Ауғанстанда соғысып, кейін Гуантанамо базасындағы түрмеде отырғаны мәлім болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұтқындалғандардың біреуі испан азаматы, енді біреуі аргентиналық және алтауының Марокко азаматтары болуы мүмкін.
Соңғы екі жылда Испанияда адамдарды қақтығыс ошақтарында соғысуға үгіттеп, жаттықтырды деген күдікпен ондаған кісі қамалды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14