Жиһадшыларға қарсы күреске еріктілер қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жиһадшыларға қарсы күреске еріктілер қосылды

Жиһадшыларға қарсы күреске еріктілер қосылды

Бейне қолжетімді емес

Қақтығыстар өршіп жатқан Иракта жиһадшыларға қарсы күреске еріктілер де қосылып жатыр. Шииттердің лидері аятолла Әли әл-Систани қатардағы азаматтарды елдің бірқатар бөлігін басып алған радикалды топқа тойтарыс беру үшін бірігуге үндеді. Ал, үкімет армиясы дәрменсіздік танытып, содырларға еш қарсылық көрсетпестен қашып жатыр. «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымы ел астанасы Бағдатқа жақындап қалған. Саяси сарапшылардың пікірінше, дінаралық және тайпааралық қақтығыс салдарынан Ирак елі шииттік, сүнниттік және күрдтік бөліктерге ажырауы мүмкін. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 
 
 
Бөлісу