Бейнеуден Өзбекстан шекарасына баратын жаңа автожол ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеуден Өзбекстан шекарасына баратын жаңа автожол ашылды

17.07.2019

Бүгін еліміздің батыс өңірінде Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы бағытындағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолы ашылды. Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысына жұмыс сапармен барған Премьер-Министр Асқар Мамин және өзбекстандық әріптесі Абдулла Арипов қатысты. Еліміздің Үкімет басшысы бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын дамытуға, сауда-саттық көлемінің артуына және транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

 

Осылай, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің Үкімет басшылары, ірі көлік дәлізін ашып берді. Бұл бұрыннан бауырлас елдердің байланысын берік етіп, арадағы барыс-келіс пен алыс-берісті еселемек.

 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

 

Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылды. Өздеріңізге белгілі Қазақстан-Өзбекстан сенімді стратегиялық әріптестердің бірі. Осы жолдың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуын және достығының символы болып табылады. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Елбасының сыртқы саясаты сабақтастық негізінде жалғастырып, Өзбекстанмен қарым-қатынастарды дамуына ерекше көңіл бөлуде.

 

Автожол ең алдымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты тереңдетпек. Былтыр тауар айналымы $3 миллиардқа жеткен. Жыл санап көрсеткіш көбейіп келеді.

 

Бұдан соң Премьер-Министр өңірдегі бірқатар инновациялық  кәсіпорындарды аралады. Яғни мұнай кен орындарына қызмет көрсететін компания, жоғары сапалы жол битумдарын өндіретін кәсіпорын, «Каспий» тұщыландыру зауытына барды. Соңғысы бірқатар елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтымақ.

 

Келешекте аймақтың туристік әлеуеті артады. Қазір мұнда туристік кешеннің құрылысы қызған. Каспий теңізі жағалауында заманауи қонақ үй салынуда. Керемет кешен 2020 жылы қоданысқа берілмек.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу