Асқар Мамин жатақханаларға қымбат жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтатуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин жатақханаларға қымбат жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтатуды тапсырды

29.04.2019

Студенттерге арналған жатақханалардың құрылысына бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді. Барлық жұмыстар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асуы тиіс. Үкімет отырысында Асқар Мамин осы бағыттағы жұмысты ширатуды тапсырды. Жекеменшік білім ордалары бұл жұмысты белсенді атқарып жатыр. Ал, мемлекеттік оқу орындарының қарқыны мәз емес. Әрі олардың жобаларының құны қымбат. Бұл инвесторлар үшін тиімсіз. Асқар Мамин осы бағыттағы Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Жоспар бойынша 2022 жылға дейін 75 мың студентке арналған жатақхана пайдалануға берілуі тиіс. Ал, биыл 9 мыңнан аса орын тапсырылуы қажет.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Әкімдер мен оқу орындарының басшыларымен бірлесіп, студенттер жатақханаларын салу жұмысын жеделдетіп, нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз етсін. Қымбат жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу практикасын тоқтату керек.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу