Бағаны бақыламаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылады

18.11.2019

Өз ісіне салғырт қарап, азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген шенеуніктер жаппай жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл тізімге әкімдер мен министрлердің орынбасарлары еніп отыр. Бүгін Үкімет отырысында баға мәселесіне айрықша мән берген Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік нарығында делдалдар көбейіп кеткен. Қысқасы халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасы 1 мен 10 пайыздың аралығында өскен. Министрдің айтуынша, аймақтағы әкімдер азық-түлік бағасын реттеу тетіктерін игере алмай отыр. Осы мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы жұмыс тобын құрып, бағаны тұрақтандырудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырды. Ал, бағаны өсіруге жол берген шенеуніктер міндетті түрде жауапқа тартылмақ.   

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу