Өңірлердің интерактивті экономикалық картасының жобасы таныстырылды

22.10.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин жобалық кеңсенің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі отырысын өткізді. Үкімет басшысына өңірлердің интерактивті экономикалық картасының жобасы таныстырылды.

Сондай-ақ жеңілдетілген несиемен қамту барысы, мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Осы айдың басынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің 6-топтамасы күшіне енді. Олар экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге қолдау көрсетуге бағытталған. Премьер-Министр бизнестің қарсы міндеттемелеріне цифрлық бақылауды енгізу жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес бір ай мерзімде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жайын пысықтауды тапсырды. 

Ақниет Балтанова

Үкімет

Хабарламаларға жазылу