Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешенін дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

26.05.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығы саласында экспорт артып, импортқа тәуелділіктен арылуымыз керек», -деді ол. Үкімет басшысы осы бағыттағы негізгі міндеттерге тоқталды. Көктемгі егіс жұмыстары мен мал шаруашылығын дамыту жайы бүгінгі Үкімет отырысында талқыланды.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу