Елшілердің жұмысы – елге инвестиция тарту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елшілердің жұмысы – елге инвестиция тарту

22.02.2019

Қазақстанның шетелдегі елшілері отандық экономикаға инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуі тиіс. Аталған мәселе Сыртқы істер министрлігінде өткен отырыста кеңінен талқыланды. Инвестордың қамсыз жұмыс істеуі үшін елде барлық жағдай жасалған. Яғни, қаржылық көрсеткіштер, нарыққа кіру шарттары, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, кедендік және салықтық жеңілдіктер, тағысын тағылар. Ендігі міндет – инвесторларды көбейту.

Бұдан бөлек, дипломаттар қазақ жеріне жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды әкелу, отандық экспортты жылжыту бағыттарында да белсенді атсалысуы қажет. Осы ретте еліміз тап болатын ерекше және сын-қатерлер зерделенбек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу