Премьер-министрдің 2 орынбасары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министрдің 2 орынбасары тағайындалды

29.08.2017

Бүгін Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін «ҚазАтомӨнеркәсіп» Акционерлік қоғамы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Президент жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ерболат Досаев бұған дейін «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы болды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың осы уақытқа дейін 2 орынбасары ғана болған. Енді олардың қатарына қос бірдей білікті маман қосылып отыр.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу