Премьер-Министрдің орынбасарлары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің орынбасарлары тағайындалды

25.02.2019

Жаңа Премьер-Министр Асқар Маминнің бірінші орынбасары болып Әлихан Смайылов тағайындалды. Ол Қаржы министрі қызметін қатар алып жүреді. Сондай-ақ, Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбек Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына мақұлданды. Ол бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды. Премьер-министрдің тағы бір орынбасары ретінде Гүлшара Әбдіқалықова бекітілді. Ол 5 жылдан бері еліміздің Мемлекеттік хатшысы болып келді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу