Ақтөбе, Қостанай облыстарының әкімдері ауысты

13.09.2015
Ақтөбе, Қостанай облыстарының әкімдері ауысты

Жұма күні Ақордадан Жарлық шығып, биліктің биік дәлізінде аз-кем ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Оның орнына Архимед Мұхамбетов тағайындалды.

Жаңа әкімді облыс активіне Премьер-Министр таныстырды. Архимед Мұхамбетов 1972 жылы туған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры. Ол 2011 жылдан осы күнге дейін Ақтөбе облысының әкімі міндетін атқарды.

Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып барды. Облыстық мәслихат депутаттары Сапарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

Облыс  басшысына аймақтың экономикалық-әлеуметтік саласын дамытуға, кәсіпкерлікті жандандырып, халықтың хал-ахуалын жақсартуға тапсырма берілген. Бердібек Сапарбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметін былтыр қарашадан бері атқарған еді.

Сондай-ақ, Елбасының Жарлығымен Дариға Назарбаева Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу