Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

20.08.2019
Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Б.М.Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                      Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 20 тамыз

№ 123

Хабарламаларға жазылу