Қазақстан-Франция қарым-қатынасына - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Франция қарым-қатынасына - 25 жыл

08.08.2017

Жыл санап байланысы бекіп, ынтымағы кеңейген Қазақстан мен Франция арасында достық көпір қалыптасты. Бүгін Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Франция – Қазақстанның егемендігін мойындап және онымен стратегиялық әріптестікке қол қойған кәрі құрлықтағы алғашқы мемлекет. Бүгінде мемлекеттер арасында саяси, іскерлік, экономикалық және мәдени салаларда ерекше қарым-қатынас орнады. Париж Астананың маңызды сауда серіктесі және инвесторларының бестігіне кіреді. Жыл сайын тауар айналымы шамамен 3 млрд. еуроны құрайды. Ал, инвестициялар көлемі 14 млрд. еуроға жуық. Сондай-ақ, Қазақстан мен Францияның білім саласындағы әріптестігі де артып келеді.     

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу