Биыл Қазақстан дипломатиясының құрылғанына 25 жыл толды. Ширек ғасыр бұрын еліміз алыс-жақын шетелдерде өз елшіліктерін аша бастады. Содан бері дипломаттар Қазақстанның сыртқы саясатын жүргізуде үлкен қызмет атқарып келеді. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дипломаттарымен және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Мемлекет мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріне алғысын білдірді.
Енді ғана Тәуелсіздік алған ел үшін ішкі жағдаймен қатар сыртқы саясаттың жұмысын қатар жүргізу оңай емес. Тіпті сыртқы байланысты жақсартып, халықаралық аренада өз орныңды қалыптастыру жұмысы алдыңғы орынға шығады. Өйткені, алыптар ортасында қалғандықтан, кең-байтақ жерге және минералды ресурсқа бай болғандықтан әскери күш-қуаты жетілмеген елді тек жетік дипломатия ғана жеңіске жеткізе алады. Соңғы ширек ғасырдың жұмысы осы міндеттерді орындай алды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ