Президент елшілерден Сенім грамотасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент елшілерден Сенім грамотасын қабылдады

30.05.2017

Оңтүстік Кореяның жаңадан сайланған президенті Мун Чже Ин елімізге ресми сапармен келуі мүмкін. Бүгін Ақордада дипломатиялық миссия жетекшілерін қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін елімізге арнайы шақырғанын жеткізді. Ал, Қазақстандағы дипломатиялық қызметін енді  бастаған корей елшісі Елбасыға Сенім грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Румыния, Индонезия және Сербия елшілерінен сенім грамотасын қабылдады. Бұл елдердің басшылары да жыл соңына дейін Астанаға ресми сапармен келуді жоспарлап отыр. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бұл мемлекеттер белсене қатыспақ. Төрт елші де Қазақстан мен өз елдері арасындағы байланысты бекемдей түсуге бар ынта-жігерімен кірісетіндерін мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның өзге елдермен сындарлы диалог орнатқанын, сол арқылы бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтауға өз үлесін қосып келе жатқанын  жеткізді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу