Ертең Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну басталады

28.04.2017

Парламент сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну сәуірдің 29 мен мамырдың 28 аралығында өтеді.  Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында белгілі болды. Ал үміткерлерді тіркеу маусымның 7-і күні аяқталады.  Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары болса маусымның 8-і басталып, 27-не дейін созылады. Үміткерлерді ұсыну екі жолмен жүргізіледі. Облыстық және қалалық мәслихаттар өз сессияларында кандидаттарды анықтай алады. Сондай-ақ, жоғары білімі бар, жасы 30-ға толған, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, еліміздің аумағында соңғы 10 жыл бойы және өзі дауысқа түсетін өңір аумағында кемінде үш жыл тұрған кез келген Қазақстан азаматы үміткер бола алады. Парламент Сенатына сайлауға республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінеді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу