Алдымызда келе жатқан сайлау науқаны туралы шетел сарапшылары пікір білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізуде.
Ұлттық арнаға сұхбат берген шетел өкілдерінің айтуынша, сәуір айына жоспарланған президенттік сайлау – уақыт талабына сай қабылданған шешім.
«Мемлекет мүддесі үшін сайлау уақытын өзгерту дұрыс деп санаймыз. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде бар.
Мен Қазақстан Үкіметі мен Президенті елдегі және одан тыс жерлердегі жағдайды өте жақсы түсіне отырып, өз халқының мүддесі үшін осындай шешім қабылдап отырғанына сенімдімін», дейді Кембридж университетінің профессоры Дэвид Бриджес.
Қытайлық сарапшылар да Қазақстанда президент сайлауын өткізу туралы шешімді құптайтындықтарын жеткізді.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ