Жамбыл жұрты мен қырғыз ағайындар арасындағы су дауына нүкте қойылар күн жақын. Бұдан былай өңір халқы ауызсудан таршылық көрмейді. Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 2014-2020 жылдары аймақта 4 шағын су қоймасы салынбақшы. Бес сумен қамту нысаны қайта құрылып, 2018 жылға дейін пайладануға беріледі.
Айта кетейік, ауызсу мәселесінде өңір халқының 80 пайызы Қырғыз еліне тәуелді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, мәселені шешу үшін атқарып жатқан жұмыстарын айтып өтті.
Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Біз Үкіметтің алдына үлкен мәселе қойып отырмыз. «Қақпатас» су қоймасындағы суды 20 миллионға жеткізсек, деп отырмыз. Оған жобалық құжаттар дайындалып жатыр. Екінші «Қарақоңыз» су қоймасында 8 миллионнан 16 миллионға дейін су жинаймыз деп отырмыз.
Шынар АСАНҚЫЗЫ