Еуразиялық үштік пен Украина арасында келіссөздер басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық үштік пен Украина арасында келіссөздер басталды

26.08.2014
Еуразиялық үштік пен Украина арасында келіссөздер басталды

Еуразиялық экономикалық одаққа бірікпек үш ел Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Украинадағы қантөгісті доғарып, қақтығысты тоқтату үшін бұл елдің билігін диалогқа шақырды.

Беларусь астанасында өтіп жатқан келіссөздерге Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко қатысады.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге қатысады және Украина президенті Петр Порошенкомен кездеседі.

Мұнда Еуропалық одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, Еуродақтың энергетика жөніндегі жоғарғы өкілі  Гюнтер Эттингер және Еуроодақтың сауда жөніндегі жоғарғы өкілі Карл де Гухт келді.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

 

Хабарламаларға жазылу