Түркия еуразиялық интеграцияны қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия еуразиялық интеграцияны қолдайды

28.04.2017

Былтыр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ пен Түркия тарапын өзара ынтымақтастық орнатуға шақырған. Қазір бұл мәселе Ресейде талқылана бастады. Мәселен, Мәскеу қаласында осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстанның, Ресейдің және Анадолы елінен барған сарапшылар мен саясаткерлер және дипломаттар, өзара әріптестіктің қыр-сырын саралады. Мамандардың пікірінше, екіжақты байланыстарды арттыру, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де, Түркияға да тиімді. Қазір Еуразиялық одақ пен Мысыр және Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Енді осы процесске Түркия қосылса, бұдан барлық тарап ұтады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу