Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

12.08.2014
Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау және одаққа Армения мен Қырғыз Республикасының қосылуы мәселелері жөнінде пікір алмасты. Екі мемлекет басшысы Украинадағы ахуалды және еуразиялық «үштік» пен Украина кездесуін өткізу ықтималдығын да талқылады. 

Хабарламаларға жазылу