Бурабайда Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы талқылануда

29.05.2015
Бурабайда  Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы талқылануда

Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің ІІ отырысы басталды.

Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикасының Үкімет басшылары қатысуда.

Отырыс барысында Үкімет басшылары өзекті мәселелер мен Еуразиялық экономикалық одақ дамуының басым бағыттарын талқылады.

Жиынның күн тәртібінде Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында бестік елінің сауда-тауар айналымы, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы, макроэкономика және қаржылық валюта саясаты салалары бойынша бірқатар мәселе қаралып жатыр.

Сондай-ақ, халықаралық қарым-қатынас тұрғысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында еркін тауар айналымы туралы келісімшартты бекіту жоспарланып отыр.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу