Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

09.10.2019

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров елімізге ресми сапармен келді. Көрші мемлекеттер арасында ынтымақты байланыс бар. Бұл - еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Алдағы уақытта да ол жалғасын табады. 

Бүгін екі елдің сыртқы істер министрлері кездесу барысында бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер, Орталық Азиядағы, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері, екі елдегі халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

Келіссөздер кезінде екіжақты қарым-қатынас мәселелері ғана емес, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы да талқыланғанын атап өткім келеді. Ресейлік әріптесіммен Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін толыққанды пайдалану мүмкіндігін талқыладық. Алда өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық шаралардың кестесіне де назар аударылды.


Хабарламаларға жазылу