Марат Тәжин Ресей басшысына Сенім грамотасын тапсырды
Бұл туралы бүгін Үлкен Кремль сарайының Александров залында, шет мемлекеттердің жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдаған көрші елдің Президенті Владимир Путин мәлімдеді.
Салтанатты жиын кезінде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжин Ресей басшысына Сенім грамотасын тапсырды.
Шара кезінде арнайы сөз сөйлеген Ресей Президенті Қазақстанмен арадағы екіжақты және халықаралық күн тәртібінде тұрған бүкіл мәселелер бойынша, ашық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Ресей мен Қазақстан арасындағы XXI ғасырдағы татукөршілік және одақтастық туралы келісімнің барлық тұсы бойынша, ресми Астанамен ынтымақтастығымызды одан ары арттыруға ниеттіміз. Еуразиялық интеграцияны дамытып, 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Еуразиялық экономикалық одақ құру біздің ортақ мүддемізге сәйкес келеді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚарағанды облысында зертханалық-талдау кешені ашылды
11.09.2026, 17:30
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады
11.09.2026, 17:27
Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
11.09.2026, 17:25
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
11.09.2026, 17:22
Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
11.09.2026, 17:20
Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
11.09.2026, 17:17