Әскери-тарихи музейде Тәжік-Ауған шекарасындағы оқиғаларға арналған экспозиция ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери-тарихи музейде Тәжік-Ауған шекарасындағы оқиғаларға арналған экспозиция ашылды

14.08.2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордадағы әскери-тарихи музейде Тәжік-Ауған шекарасындағы оқиғаларға арналған экспозиция ашылды. 1992 және 2001 жылдар аралығында қарулы қақтығыс алаңында 10 мыңға жуық қазақстандық әскери борышын өтеген. Музейге соғыс алаңында пайдаланылған заттар, киім үлгілері, және таулы аймақтың бедері мен картасы қойылған. Қарулы қақтығыстар мен қазақстандық сарбаздар туралы ақпаратты интерактивті тақтадан сол жерде оқуға да болады.

 

Мұрат Жарекеев, Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Дәл қазіргі сәтте біздің Тәжі- Ауған ардагерлеріне арналып кітап дайындалып жатыр. Біз Тәжік-Ауған шекарасында болған оқиғалардың барлығын біздің өскелең ұрпақ білсе дейміз.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу