«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы цифрлы технологияларды дамытуға ден қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы цифрлы технологияларды дамытуға ден қойды

30.07.2019

Бүгін олар осы бағыттағы жұмыстарды арттыру үшін франциялық компаниямын мемарандумға қол қойды. Шетелдік компания алдымен Қазақстандағы бекеттерге дабыл орнату, оларды блоктау және орталықтандыру жұмысын қолға алмақ. Бұған дейін 25 елде 1500 ден астам жобаны іске асырған. Сондықтан біздегі бастама да жақсы нәтиже береді деп сеніп отыр мамандар. Жаңа технологиялар әсіресе теміржол қатынасындағы қауіпсіздікті арттырмақ.

Бруно Ле Мэр, Францияның Экономика және қаржы министрі:

Біздің қолға алып отырған жобамыз өте ауқымды. Қазақстандағы теміржол қатынасына әлемдегі ең заманауи қондырғыларды ұсынып отырғанымыз. Ынтымақтастығымыз қос тарапқа да тиімді болатынына сенімдімін. Біз жұмысқа франциялық мамандарды ғана тартып қоймай, жергілікті қызметкерлерге де соңғы технологиялармен жұмыс істеуді үйретеміз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу