Ерінбей оқы да, кәсіп аш. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин «Жас кәсіпкер» және «Bastau бизнес» әлеуметтік жобаларының қалай жүзеге асып жатқанын көріп-білу үшін елордадағы бірқатар орталыққа барды. Яғни мобильді жұмыспен қамту, жұмысшы мамандықтарын меңгерту және жас кәсіпкерлерді оқыту сынды орталықтардың жұмысымен танысты.
Бұл – кәсіп ашуға ниетті азаматтардың тобы. Жігерлі жастарға бүгін Премьер-Vинистрдің өзі дәріс оқыды.
Шабыт берді, үмітін үкіледі.
Қазір өз ісін дөңгелетіп, еңбек етем деген адамға елімізде еш кедергі жоқ. Керісінше мемлекет тарапынан қолдау көп.
«Атамекен» мобильді жұмыспен қамту орталығының қызметі жастарды оқыту, жұмысқа орналастыру. Қазір, елімізде мұндай 9 орталық бар. Келешекте тағы 30-ы ашылмақ.
Ал бұл – тігін ісіне оқытатын «DANMARD» оқу орталығы. Мұнда оқу уақыты – 3 ай, ай сайынғы шәкіртақы 21 мың теңге. Қазір Қазақстан кәсіпорындарының негізінде 563 оқу орталығы жұмыс істейді. Оның 50-і елордада. Алдағы уақытта оның саны 1000-ға дейін ұлғайтылмақ.
«Президент тапсырмасына сай, жыл соңына дейін 300 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады. Осы ретте мемлекет қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, стартап жобаларға гранттар мен шағын несиелер беруді мықтап қолға алды деді»,-Үкімет басшысы.
Армангүл Тоқтамұрат