Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары барысында жалпы сомасы 80 миллион доллардан асатын 11 құжатқа қол қойылды. Бүгін Душанбеге барған Үкімет басшысы алдымен ел президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтың өзекті мәселелерін талқылады. Сосын Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзодамен жүздесті. Тараптар арадағы алыс-берісті еселемек ниетте. Былтырғы жылы екі елдің сауда-саттық көлемі 8,2 пайызға артып, сауда айналымы $900 миллионға жеткен. Ендігі меже — алдағы 3-4 жылда өзара сауда көлемін $2 миллиардқа дейін арттыру. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және коммуникациялар салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге басымдық бермек.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ