2025 жылға қарай қазақ жеріне құйылатын тікелей ше телдік инвестициялар көлемі 34 миллиард долларға жетуі тиіс. Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында, Үкімет мүшелеріне осындай міндет қойылды. Яғни көлік және логистика, энергетика, туризм, денсаулық сақтау, білім беру сынды өзге де салалар инвестиция тартудың тиімді тетігіне айналуы тиіс. Сөйтіп елдің ЖІӨ көлемі 30 пайызға артады. Осы ретте инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды. Бұдан бөлек, жиында көтерме сауда-тарату орталықтары желісін ілгерілету мәселесі қаралды. Алдағы 3 жылда елдің 8 өңірінде арнайы орталықтар ашылмақ. Бұл – фермерлердің өнімдерін сатып алып, қажетті қор жасап, әрі қарай арзан бағаға жөнелтуге мүмкіндік береді. Осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шарықтауына тұсау салынбақ.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ