Павлодарда көгалдандыру және ағаш егу жұмыстары тек қана эколог мамандардың кеңесімен жүргізілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда көгалдандыру және ағаш егу жұмыстары тек қана эколог мамандардың кеңесімен жүргізілетін болады

04.07.2019

Өңірді жасыл желекке айналдыру жөніндегі бүған дейінгі жобалардың көбі сәтсіздікке ұшырады. Жақында Ұлттық арнаның жаңалықтарында осы аймақта былтыр егілген 14 мың сүмбіл теректің қурап қалғаны жөнінде арнайы материал шыққан болатын. Содан сабақ алған жергілікті билік көшет таңдауда тың тәсілдерді игеріп, өндірістік аумақтарды жерсінетін ағаштарды егуді бастады. Тақырыпты тілшіміз Болат Аманбаев жалғастырады.

 

Павлодарды айналдыра ықтасын жасау үшін соңғы екі жылда 300 мыңға тарта қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды. Бірақ қарағай қиын өседі. Бес жылға дейін күтіп-баптауды қалайды.

 

Саян Байкетаев, Орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары:

 

Бұл 2018 жылдың көктемінде егілген көшет. Сол кезде 15 см болған, мыңа қоңырқай дініне қарап білуге болады оны. 1 жылда тағы 15 см қосты. Мінекей жап-жасыл болып тұр. Бұның 1 метр биіктікке жетуі үшін әлі 5 жыл керек.

 

Күй талғайды, бірақ қарағайдың қоршаған ортаға пайдасы зор. Жасыл шырша тек әдемілігі үшін емес, климаттық жағдайға бейімділігі, өндірістен таралатын түрлі газдарды жойып, ауаны тез тазартатын ерекшелігімен пайдалы.

 

Талғат Бейсембаев, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

 

Былтырғы жылы 2018 де үш орман мекемесімен 35 гектар аумаққа қарағай көшеттері отырғызылды. Биылғы жылы 30 гектар көшеттер отырғызылды. Міне қазіргі таңда былтырғы отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұлы жылына екі рет жүргізіледі. 7 жыл өткен кездебұның барлығын орманмен қамьылған аумаққа аударатын боламыз.

 

Павлодарда бұрын терек көп отырғызылатын. Себебі, бұл ағаш ауыр металдарды жұтып алады. Бірақ зияны да бар. Аллергия тудырады. Сондықтан теректің мамықтанбайтын түрін таңдап егу қажет-деп отыр мамандар. Тағы бір мәселе, егілген ағаштардың жерсіне алмай семіп қалатындығы. Сондықтан әкімшілік бұдан былай жасыл желекті алқаптар қалыптастыру тек қана экологтар мен бау баптаған.

 

Осы жылы өңірдегі саябақтар мен гүлзарлар, жасыл аумақтардың нақты қандай жағдайда екендігіне сараптама жасалады. Жас көшеттең бастап, тамырын тереңге жайған әр ағаштың саны анықталады. Содан кейін фитопатологиялық сараптама арқылы аймақтың «жасыл белдеуін» дамыту, орманды алқап қалыптастырудың бағдарламасы қабылданады.

 

Жасыл желек-жанға сая. Сондықтан облыс орталығының геоэкологиялық аумақтары белгіленіп, «Жасыл белдеу» алқабын ұлғайту жұмыстары 2030 жылға дейін қарқынды жалғасады.

 

Хабарламаларға жазылу