Басты Жаңалықтар Ет бағасының өсуіне не себеп?

Ет бағасының өсуіне не себеп?

Апта басында – дүйсенбіде Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров ет нарығындағы жағдайды «бақылауда» деп сипаттады. «Сұраныстың уақытша артуына байланысты баға көтерілгенімен, қайта тұрақтанды», – деп есептейді.

«Бүгін таңертеңгі статистика бойынша еттің орташа бағасы 3 249 теңгені құрады. Кеше қызметкерлерімді дүкендер мен базарларға жібердім. Кей жерлерде баға 3,5–3,6 мың теңге шамасында, ал премиум санаттағы ет 4,3–5 мың теңгеден сатылып жатыр», – деген сол дүйсенбі күні.

Ал келесі жылға болжам туралы сұраққа: «Бағаның өсуіне негіз жоқ. Қазір біз тірі малды экспорттамаймыз, ет экспорты квота арқылы реттеліп отыр. Сондықтан бағаны қазіргі деңгейде ұстап тұра аламыз деп ойлаймын», – дейді Айдарбек Сапаров.

Биыл еттің бағасы кәдімгідей қымбаттағаны аян. Ет нарығын сараптайтын мамандардың тұжырымы бірнеше пункттен тұрады: экспорттың артуы, жем-шөп пен жанар-жағармайдың қымбаттауы.

Мал бағу оңай емес, ең болмағанда шаруа адамының «мұрты майланған» болар деп ойлайсың. Бірақ делдалдардың - алыпсатарлардың «қолды шеңгелдеп» салатынынан, еттің қызығын шаруа адамы анау айтқандай көріп отырған жоқ.

Алыпсатар, алыпсатар болғанда, етті қалаға жеткізетін делдалдық қызметті мүлдем сызып тастай алмайсыз. Әйтеуір біреу айналысуы керек. Ал бұл реттеу мүмкін дүние ме?


Бөлісу