Азаматтардың банк деректері салық органдарына беріледі: Не өзгереді?
Банк құпиясын сақтау ережесі өзгеріп, азаматтардың есепшоттары туралы деректер салық органдарына берілетінін естідіңіз ғой? Қаржы министрлігі азаматтар мен компаниялардың есепшоттары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі бұйрық жобасын әзірлеген.
Құжат алдағы жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін жаңа Салық кодексінің аясында дайындалған.
Үкімет мұны «көлеңкелі экономикамен күрес және қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтып, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді» деп түсіндіреді.
Сондай-ақ, қаржы ағындарына қатысты статистикалық мәліметтер жасырын табыс пен көлеңкелі схемалардың ауқымын анықтауға көмектеседі.
Сонымен, банктер салық органдарының сұрауы бойынша банк шоттарының бар-жоғы, олардың нөмірлері, қалдықтары, ақша қозғалысы, жеке тұлғаларға берілген несиелер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Адал салық төлеушілерге ешқандай қауіп жоқ, дейді үкімет. Ал табысын жасыратындарға, әрине, «қолайсыз».
Дегенмен бұл операцияларда асыра пайдалану болмайтынына кепіл бар ма? Мемлекеттік құрылымдар ішінде банк деректерін пайдалану тәртібіне қатаң бақылау орнату қажеттігі түсінікті.
«Қатаң бақылау» дегенде, банк деректерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті Қылмыстық кодексте қатаңдатып, нақты бақылау тетігін енгізу қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы