Басты Жаңалықтар Boeing ұшағы, John Deere техникасы, ChatGPT: Қазақстан мен АҚШ қандай келісімге келді?

Boeing ұшағы, John Deere техникасы, ChatGPT: Қазақстан мен АҚШ қандай келісімге келді?

Осы аптаның еліміз үшін басты саяси жаңалығы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарының астанасына сапары. Ол «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысу үшін Вашингтонға барды.

Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшыларымен бірге АҚШ президентінің «С5+1» форматындағы саммитіне қатысты. Саммит Ақ үйде өтті. Әрине, әріптестерімен бірге өткен жиынға дейін келіссөздер жүргізді. Д. Трамппен кездесті.

Тақырыпты әріптесім Данияр Қайыртаймен талдаймын. Данияр, әуелі «С5+1» форматындағы саммитке дейінгі келіссөздер мен келісімдер туралы айтсақ.

Қытай, Ресей және Батыс әлемі мүдделерінің арасындағы балансты ұстау саясатында аса маңызды минералдар мен сирек кездесетін металлдар таразыға шығарылған сияқты.

Енді саммитке келейік. Ірі ойыншылар бізді – Орталық Азияны біртұтас қарайды. Оған қатты қарсылығымыз жоқ. Дегенмен әрқайсымыздың өз мүддеміз бар. Саммитке орай сарапшылар қандай тұжырымға келді?

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі немесе Орта дәліз деп атайтын маршрутты АҚШ та, Қытай да қолдайтыны түсінікті. Мұндай «көпшілік дауысқа» ие жобаларды барынша пайдаланбау «күнә» шығар.

Бір маңызды мәселе бар. Қазақстанға байланысты әлі сақталып отырған Джексон–Вэник заңының күшін жоятын түрлері бар ма? Ибраһим келісіміне қосылу, сенаторлар мен конгресмендермен кездесу осы бағыттағы да шаруа ғой.

Ақ үй қожайынының эксцентрик екені мәлім. Дегенмен өзі қалай сипаттады, не деді?


Бөлісу