Үкіметте ел экономикасына шетелден инвестиция тарту жөнінде жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте ел экономикасына шетелден инвестиция тарту жөнінде жиын өтті

21.06.2019

Шілде айының соңына дейін елдің барлық өңірінде шетелдік инвесторларға арналған фронт-кеңселер құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде, Сыртқы Істер министрлігінің өкілдері айтты. Аталған кеңселер Қазақ еліне қыруар қаржы құям деп келген шетелдік бизнесменге тек ақпарат пен кеңес беріп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай алаң болады. Яғни, инвестор, мемлекеттік органдардың арасында әрі-бері табанынан тозбай, барлық мәселесін осы жерде-ақ шешеді. Қазірдің өзінде шетелдік капиталдың есебінен іске асыруға әлеуетті 128 жоба анықталған. Олардың дені – тамақ өнеркәсібі, агрохимия, ауылшаруашылық техникасы, газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және тағы басқа салаларын қамтиды. Айта өтейік, былтыр елімізге 24,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.

 

 

Бақыт Батыршаев, ҚР СІМ  Инвестициялар комитетінің төрағасы:

 

Нидерланды -7,3 миллиард доллар, АҚШ -5,3 миллиард, Швейцария -2,5 миллиард, Ресей -1,5 миллиард, Қытай -1,5 миллиард доллар. Біріншіден, негізгі инвесторлары, екіншіден, олар әрі қарай инвестицияларын ұлғайтуға және дәстүрлі сектордан кетіп, басқа да секторларға инвестицияларын құюға дайын.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу